Шымкентте 350 мұғалім үстемақы үшін жалған құжат жасатқан

cover

Шымкентте 348 ұстаздың үстінен іс қозғалды. Олар үстемақы алу үшін жалған сертификат жасатқан.

Бұл туралы Orda.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлады.

Анықталғандай, жалған құжат 3 жыл бұрын жасалынған және мұғалімдер осы уақыт бойы үстемақы алып келген. Бұл істің былығы педагогтердің әріптестері шағым түсірген кезде ашылды.

 – Мұғалімдерді жалған аттестаттауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, «Алаяқтық» бабы бойынша сот процесі жүріп жатыр, - деді Шымкент қалалық білім басқармасының бастығы Жанат Тәжиева.

Айта кетсек, қаржы полициясы республикалық тестілеу орталығында тест тапсырғандардың тізімін тексерді. Қала мектептерінің 80 пайыз ұстаздары аттестаттаудан өтпеген, тіпті тестілеу орталығына бармаған. Олар мөр басылған жалған құжаттарды сатып алған.

Енді олар екі жыл бойы алған заңсыз үстемақыны мемлекетке қайтарады. Ал жалған құжат жасаған алаяқтар сот алдында жауапқа тартылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар