Шымкент қаласы қызыл аймаққа өтті

cover

Шымкент коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өтті. Бұған Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел бола алады.

«Қызыл» аймақта тоғыз өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Шымкент қалалары; Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта бес өңір бар: Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта екі өңір бар: Түркістан және Қостанай облыстары.

Бүкіл ел бойынша орташа көрсеткіш Қазақстанды «қызыл» аймаққа жатқызуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар