Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

cover Фото: Ашық дереккөзден

ШҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көшкін 11 ақпанда сағат 11.30 шамасында облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолына түсті, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

«Нақты айтқанда, тасжолдың 132 шақырымындағы Самар ауданының аумағында болған. Қардың көп жаууынан және желдің күшеюіне байланысты жалпы көлемі 1300 текше метр қар түсті. Абырой болғанда, зардап шеккен адам, қираған нысан немесе бүлінген көлік жоқ», - делінген ақпаратта

Қар жолды толығымен жауып тастады. «ОблШығысЖол» ЖШС-дан 2 адам және 2 техника келді. Қазір жолды тазарту жұмыстары жүргіліп жатыр.

Аталған учаскеде жолды қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері келіп, жолға пост қойылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар