Шығыс Қазақстанда бірден екі шенеунік пара алды деп айыпталды

cover Фото: freepik.com

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

ҰҚК мәліметінше, шенеунік жол құрылыс компаниялары және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге заңсыз сыйақы алған. Оның үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың доллар тәркіленді. 

Сондай-ақ, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол мұғалімдердің аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін тұрақты түрде ақша алып келген.

Екеуі де сот санкциямымен қамауға алынды. 

Айта кетейік, жоғары аудиторлық палата Алматы қаласына 2020–2025 жылдар аралығында бюджет қаражаты мен активтеріне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын жариялады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар