Әшімбаев: Бүлдіршіннің қазасы - үлкен трагедия

cover

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сұхбат беріп, қаңтар оқиғасы, Еуразиялық Экономикалық Одақ, жұмыссыздық туралы пікір білдірді.

Сенат төрағасы қаңтар оқиғасы кезінде жұмысында болғанын айтып, 4 жастағы Айкөркемнің өлімі үлкен қасірет екенін жеткізді.

– Қаңтар оқиғасы кезінде жұмыста болдым. Ескертусіз оқ атуға байланысты түсініктемелер айтқанбыз. Сондықтан бұл сұраққа қайтып келмейік. Қаза болған бүлдіршін туралы айтайық. Бұл үлкен трагедия. Әр ата-ана үшін баласынан айрылу – үлкен қасірет. Қаза тапқан бүлдіршіннің жақындарына тағы да көңіл айтамыз. Бұл қалай болды, неге болды? Мұны тергеу органдары толық анықтауы керек. Кездейсоқ болған жағдай, арнайы атпаған шығар деп сенеміз. Бірақ біз олай айта алмаймыз, тергеу жүру керек. Тергеу аяқталғанын күтейік, – деді Әшімбаев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Әшімбаев Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді.

– Қазақстан сыртқы саясаттағы ұстанымдарын ұлттық мүдде негізінде жүргізіп келе жатыр. Бұның көрінісін Санкт-Петербургтағы форумда көрдік. Президентіміз Қазақстанның позициясын нақты айтты. Бұл саясат әрі қарай жалғасады. Ресей біз үшін маңызды мемлекеттің бірі. 7 мың шақырым ортақ шекарамыз бар. Тауар айналымы – 24 млрд. Біздің мұнайымыз әлемдік нарыққа Ресей территориясы арқылы жетеді. Ресей экономикамыздағы Қытай және АҚШ-пен қатар тұратын ірі инвесторлардың бірі. Ресеймен қарым-қатынасты тұрақты түрде дамытуға мүдделіміз, – деді ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар