Энергетика министрлігі журналист Әділбековтің жазбасынан кейін ішкі аудитті бастады
Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
Энергетика министрлігі журналист Данияр Әділбековтің вице-министр Ерлан Ақкенженовке қатысты жазбасына байланысты тергеуді бастады.
«Осы оқиғадан кейін министрлік ішкі аудитті, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды бастады. Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Бұл іс қозғала салысымен бірден басталды. (...) Құқық қорғау органдары бұл факті бойынша министрлікте тексеру жүргізген жоқ. Бірақ қажет болса, біз барлық қажетті ақпаратты беруге дайынбыз»,-деді Алмасадам Сәтқалиев.
Сәтқалиев вице-министр неге көпшілік алдында бірде-бір теріс пікір айтпады деген сұраққа жауап беруден бас тартты.
«Бұл тергеу әрекеттері. Тергеу мүддесіне сай барлық ақпарат тергеу органдарымен келісілген. Бұл фактілердің барлығы қылмыстық іске тікелей қатысты, оның аясында белгілі бір тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық сұрақтар қылмыстық іске тікелей қатысты»,- деп жалғастырды министр.
Әділбековтің мақалалары қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізуге қатысты. Бұған дейін министрлік осыған қатысты кейбір ақпаратты жария етуден бас тартқан болатын. Алмасадам Сәтқалиев мұнай өнімдерін жеткізу кестесі туралы ақпарат құпиялылыққа жатады деп түсіндірді.
«Бұл ақпарат құпия, оның ішінде нарық қатысушылары үшін. Министрлік біздің контрагенттер мен жер қойнауын пайдаланушылардың келісімінсіз ақпаратты жария ете алмайды. Бұл жерде коммерциялық құпия элементі де бар. Заңнама бар, ресми пайдалануға арналған ақпарат бар. Ашудың белгілі бір режимін талап ететін коммерциялық құпия бар. Қажет болса, біз оны заңға сәйкес жариялаймыз»,- деп түсіндірді Энергетика министрлігінің басшысы.
Сондай-ақ ол бұл мәселеде сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі жоқ екенін алға тартады.
«Процесс өте жақсы құрылымдалған. Барлық мұнай және газ өндіруші компаниялар оларды кестеге қосу немесе қоспау туралы шағымдануға құқылы. Кесте жасау кезінде белгілі бір наразылық тудыруы мүмкін негізгі басымдық ішкі нарықтағы мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесі болады. Иә, біз, ең алдымен, өңдеу кәсіпорындарының еліміздің жанар-жағармай қажеттілігін өтеу үшін жүктелуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатырмыз»,- деп түйіндеді сөзін Алмасадам Сәтқалиев.
Журналист Данияр Әділбеков екі айдан бері уақытша ұстау абақтысында отыр. Ол 27 наурызда ұсталды. Оған оның «Дикая Орда» телеграмм анонимдік арнасындағы жарияланымы себеп болды. Іс бойынша арызданушылардың бірі – журналистке жалған мәлімдеме жасады деп айыптаған Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов. Әділбековтің өзі тағылған айыпты қисынсыз деп санайды.
Жаңалықтар
- Газадағы құрбандар саны 35,2 мыңнан асты
- «Қазақтелеком» АҚ 51 тарифтік жоспардың құнын көтереді
- Шымкент қаласыны әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пара бергені үшін 8 жылға сотталды.
- Швейцариялық Rolex компаниясы Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа бермекші
- «Халыққа тезірек көмектесу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз» - Нұрлан Смағұлов су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына келді
- Катар инвесторы 65 млрд теңгеге қазақстандық «Bereke bank-ты» сатып алды
- Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбер сайлау күні белгіленгенге дейін мемлекет басшысы қызметін атқарады.
- Астанада үнсіз наразылық: «Зағиптар қоғамы» мемлекет қаржысын ұрлады деп отыр
- Сенат Төрағасы Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесті
- Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
- Құлсарыдағы жағдай: су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді бағалау осы аптада аяқталады
- Ақтөбеде полицей айып тұрағында тұрған көліктерді сатқан
- Тоқаев пен Путин алдағы айларда бірнеше кездесу өткізеді
- Алматы «Шұғыла» шағын ауданындағы заңсыз құрылыс тоқтатылды
- Құлсары тұрғынының жағдайы тұрақты
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- Иранда қаза тапқан президент үшін бес күндік аза тұту жарияланды
- Тоқаев Иран президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа үкім шықты
- Алматыда жер сілкінді