Премьер-министр құрғақ есептері үшін әкімдерді сынады

cover Фото: Үкімет

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жылыту маусымына ресми есеп беруді тоқтатуды талап етті.

Жылыту маусымының қорытындысы талқыланған бүгінгі жиын облыс басшылары үшін өте тартысты өтті. Үкімет басшысына әкімдердің құрғақ есеп бергені ұнамады. Өйткені, Бектеновтың айтуынша, шенеуніктер учаскелерде жеке болып, жөндеу науқанының барысын қадағалап отыруы керек.

«Әкімдер, сіздерге өтініш: жылыту маусымына ресми түрде есеп беруді доғарыңыздар. Сіз өзіңіз сол жерге барып, жөндеу науқаны барысын бақылауыңыз керек. Біздің жылу энергиясын жоғалтуымыз өте жоғары, кейбір аймақтарда 20%-ға дейін жетеді. Бұл жылу мен энергияны үнемдеуге деген кері көзқарасты көрсетеді»,-  деп атап өтті министрлер кабинетінің басшысы.

Сондай-ақ ол барлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауды талап ететін «Энергия үнемдеу туралы» заңды еске салды.

«Өңірлерге іс-сапарларымда президент тапсырмаларының орындалу барысы бойынша жұмыс нәтижелерін жеке өзім тексеретін боламын. ЖЭО қондырғылары, қазандықтар мен жылу және электр желілері қалыпты жағдайға келтірілуі тиіс. «Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға ерекше назар аудару қажет»,- деп қосты Олжас Бектенов.

Премьер-министр 15 мамырға дейін жылу беру маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. Сонымен қатар, қазан айына дейін барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар