Шетелден келгендер үш күн карантинге жатқызылады

cover Фото. ЭК/Алимжан Барангулов

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулысында шетелден келген қазақстандықтардың жағдайы не болатынын айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.   

Жаңа қаулы бойынша, шетелден келген қазақстандықтар мен елімізде тұруға рұқсаты бар адамдар Қазақстан Республикасында COVID-19-қа қарсы вакцина алғанын растайтын құжаты мен анықтама қағазы болмаған жағдайда карантиндік стационарда 3 тәулікке дейін оқшауланып, зертханадан ПТР-тест нәтижесі шыққанға дейін күтеді.

– COVID-19 зертханалық зерттеуге арналған материалдарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлері алады.

Ал COVID-19 зертханалық сараптама диагнозы расталғандар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, - делінген ресми құжатта.

Зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін, диагноз расталмағандарға COVID-19 ауруының белгілері түсіндіріліп, осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес, қағазға қол қойдыртады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар