Шерзатты әлі жоқтайды: Жәбірленуші тараптың адвокаты мен прокурор үкімді өзгертпеуді сұрады
Фото: Orda.kz
Алматы облыстық сотында Шерзат Полат ісі бойынша аппеляциялық шағым қаралып жатыр. Отырыста жәбірленуші тараптың адвокаттары сөз сөйлеп, бірінші сатыдағы сотта куәгер болған Дана Жақсыгелдіге қатысты жеке қаулысы қаралды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Аса қатігездікпен өлтірілген жас баланы бүгін де ата-анасы әлі күнге дейін жоқтап келеді. Сол түнде сотталғандардың алдында кім тұрса да бәрібір еді. Олардың мақсаты барлығын қырып-жою болды. Сондықтан сотталған тараптан түскен апелляциялық шағымды негізсіз деп санаймыз. Біз сот алқасынан, 5 мауысымда шыққан сот үкімін сол қалпы өзгертусіз қалдыруды сұраймыз», – деді Мейірман Шекеев.
Апелляциялық сотта прокурор Дәурен Үмбеталиев Азамат Тоқтаубаевқа рақымшылық заңының қолданылмайтынын жеткізді.
«Азамат Тоқтаубаевқа рақымшылық заңы қолданылмауы тиіс. Себебі ол қосымша «бұзақылық» бабымен сотталған. Бұл — ауыр қылмыс санатына жатады. Ал Жақсыкелді Данаға қатысты бірінші сатыдағы сот қаулысы өзгеріссіз қалдырылып, қосымша тергеу жүргізу қажет деп санаймыз. Сонымен қатар, сотталғандардың шағымын қанағаттандырмауды ұсынамыз. Өйткені олардың қылмыстары бірінші сатыдағы сотта толық дәлелденген», – деді Үмбеталиев.




Сотта сөз алған Дана Жақсыгелдінің адвокаты бірінші сатыдағы соттың қаулысы негізсіз екенін айтты. Оған себеп ретінде адвокат куәгер сотта жауап берген күні емес, екі айдан кейін ғана шығып тұрғанын айтып, қаулыны негізсіз деп тануды сұрады. Отырысқа қатысқан Дана Жақсыгелді адвокатының сөзін қолдады. Айта кетейік, сот ғимаратына Нұрбекова Эльмира да келген еді. Алайда сот отырысна қатыспады. Сонымен қатар, бұл сот отырсына куәгер Юлдаш Розбакиев пен Арлан Қазыкенов те қатысу керек еді. Себебі бірінші сатыдағы сот төрт куәгерге де жеке қаулы шығарған еді.

Фото: Orda.kz
Сот отырысынан соң журналистерге жауап берген Мейірман Шекеев жәбірленуші тараптың жазаны бұдан ары қатаңдату ниеті жоқ екенін жеткізді.
«Аппеляциялық шағымды сотталушы тарап түсіріп отыр. Ал жәбірленуші тарап 5 мауысымда шыққан сот үкімімен келіседі. Сот бұрынғы шыққан үкімді сол күйі қалдырса да разымыз. Ал Дана Жақсыгелдінің адвокатының айтқанына келер болсақ, неліктен қаулы екі айдан соң шықты? Себебі екі куәгер қыздың да нақты қылмыстың ішінде болғаны тек сот бітер кезде көліктің ішіндегі бейнетіркегіш жария болған кезде толығымен анықталды», – деді заңгер Шекеев.
Сонымен қатар, журналистер Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі мен Шерзат Полаттың үйінің өртеуіне байланысты істердің не себепті тоқтап қалғанын сұрады.
«Иә, Нұрғанат Ғайыпбаевтың ісі тоқтатылды. Дегенмен де біз ол істі тоқтату қаулысымен келіспейміз. Біз шағым түсіреміз. Себебі, сараптамалар мен күмәндерді зерделеп, айғақтардағы қарама-қайшылықты қарап жойғымыз келеді. Оған қоса қылмыстық кодекстің 24 бабы сақталмаған. Ал үйдің өртіне келер болсақ, ол іс тоқтамады. Тек ол уақытша ғана үзілді, алда жалғасын табады», – деді Шекеев.
Аппеляциялық соттың шешімі ертең, 19 тамызда сағат 10:00-де шығады.
Orda.kz сот процесінен тікелей хабар тарататын болады.
Жаңалықтар
- Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылды
- АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 мина қоятын катерін жойды
- 380 азамат «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрбаны болды
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды