«Шерзат үшін»: Қырғызстандық азамат көшеге плакат алып шықты

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Қырғызстандық блогер «Шерзат үшін» деген жазуы бар плакат ұстап көшеге шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

24 жастағы Арген Асанов әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялады. Ол «Шерзат үшін» деген жазуы бар плакатты ұстап, Қырғызстандағы адам көп жиналған көшелерді аралады.

Желі қолданушылары блогердің ісіне ризашылығын білдірді. Желідегілердің көбі қырғыз болса да, Шерзат Болаттың өліміне қабырғалары қайысатынын жазған.

«Қырғыз болсам да, ата-анасын ойлап жүрегім езіледі», «Қазақстанда әділетті сот шешімі шыққанын қалаймыз», «Бір отбасы екі адамынан айырылды. Оңай емес», «Қазақ-қырғыз бір туған» деп жазды желідегілер. 

Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғарда жаппай төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат пышақ жарақатынан мерт болды. 12 қазанға қараған түні марқұм жасөспірімнің отбасының үйі өртеніп кетті. 9 желтоқсан күні Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар