«Шерзат Полат ісі»: Сотталған Равиль Сакиевтің анасына балағат сөзі үшін айыппұл салынды

cover Фото: Бейнеден кадр

Бүгін, 5 маусым күні Талдықорғанда өткен Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталған Равиль Сакиевтің анасы сот залында балағат сөз айтты. Ол айтқан сөзі үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Талдықорғанда өтіп жатқан 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісі бүгін аяқталды. Судья сот үкімін оқыды. Аталмыш іс бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылған Равиль Сакиевтің анасы үкім оқылғаннан кейін сот залында шу шығарды. Сонымен қатар өзіне сұрақ қойған журналистерге балағат сөз айтты. Полиция сотталушының анасы Баян Сармановаға осы әрекеті үшін айыппұл салды.

«Полиция департаменті әділдікке қысым көрсетуге жол жоқ екеніне баса назар аударады. Жағдайды тұрақсыздандыруға, сот шешімдерінің орындалуына кедергі жасауға немесе сотқа құрметсіздік білдіруге бағытталған кез келген әрекет заң шеңберінде қатаң тоқтатылады. Жазаның орындалмауы мүмкін емес деген қағида бұзылмайды», деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, сот үкімі оқылған соң, наразы болған сотталушылардың жақындары сот залының есігін теуіп, айқай шығарды. Олар Қаржаубайды жазалауды талап етті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар