«Шегіртке немесе елдің тұрақтылығын бұзу»: Министрлік журналист Кирилл Павловты сотқа берді
Фото: Кирилл Павловтың фейсбугінен алынған.
Астанада ауыл шаруашылығы министрлігі журналист, сарапшы, «Қазақша чуваш» Telegram-арнасының авторы Кирилл Павловқа қарсы әкімшілік талап-арыз түсірген еді. Бүгін осы іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство блогерді әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр. Атап айтқанда, министрлік Павловтың шегірткеге қатысты жазбасына наразылық білдірді. Онда журналист фермерлердің алқаптарын шегіртке басып жатқаны және мемлекет тарапынан қолданылып жатқан күрес шараларын сынға алған болатын.
«АШМ-нің 2024 жылғы шілде айындағы есептері бойынша, шегірткеге қарсы шара жасалып, 96 мың гектар жер тазартылған. Бұл сандар әдемі көрінеді. Бірақ өңірде жәндіктің таралу аумағы бес миллион гектардан асады. Яғни, бар болғаны екі пайыздай жер өңделіп, бұған үлкен жетістік ретінде есеп берілген» деп жазды Павлов.
Министрлік бұл жазбаны шындыққа жанаспайды деп санайды және оның ведомствоның беделіне нұқсан келтіргенін айтады. Сотта министрлік өкілі Кирилл Павлов Telegram-арнасындағы жазбаларына ақпаратты қайдан алатынын анықтауға тырысты. Адвокат Венера Тапаева блогерді белсенді түрде сұрақтың астына алып, «ол агроөнеркәсіптік инфрақұрылым саласында аккредиттелген маман ба?» деген мәселені көтерді.
Сонымен қатар, заңгер Кирилл Павловтың АҚШ-пен ынтымақтаса жұмыс істейтінін атап өтті.
«Сіз Қазақстанның мәселелерін Америка деңгейінде шешіп жатқаныңызды үкіметке хабарлайсыз ба? Бұл – не ақпараттың сыртқа тарауы, не елдегі тұрақтылықты бұзу», — деп сотта наразылық білдірді Тапаева.
Судья Тапаеваны бөліп, бұл сұрақты күн тәртібінен алып тастады. Сот отырысы бүгін, 5 маусымда қайта жалғасады.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды