Шағын және орта кәсіпке арналған «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды
Фото: Үкімет
Вице-премьер Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан соң арнайы брифингте банктердің экономикаға қаржы салуы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жұманғарин жаңа салық кодексінің ішінде коперативтің табыс салығына дифференциация жасалғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, енді банктер тұтынушы секторға несиелер берсе, КТС 25% болады. Нақты секторға несие берсе - 20%. Вице-премьер бұл қадам нақты секторға қаражат салуға ынталандыратынын айтты.
Сонымен қатар жаңа салық кодексінде барлық облегацияларға 10% салық салынады. Ал «Бәйтерек» холдингі шығаратын облегациялар 2031 жылға дейін салықтан босатылған.
«Себебі «Бәйтерек» холдингінің басты мақсаты – нақты секторға салынады. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске арналған «Өрлеу» деген жаңа бағдарлама ашылды. Оны дамытуға нақты секторларға, өндіріс секторларына «Даму» қоры 300 млрд салды. Банктер 450 млрд салды. Мөлшерлеме деңгейі - 12,6 пайыз. Сонымен қатар екі кепілдік қоры ашылды. Барлығы қазіргі уақытта Даму қорында орналасқан. Бүгінде 107,5 млрд теңге болатын 784 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 60 млрд теңгеге кепілдік берілді. Аталған бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», – деді вице-премьер Серік Жұманғарин.
Айта кетейік, бүгін, 15 шілдеде Астанада премьер-министр Олжас Бектенов пен оның төрт орынбасары журналистер алдына шықты.
Жаңалықтар
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді