Үш спорт түрі Олимпиада ойындарынан шығарылды

cover

Парижде өтетін Олимпиада-2024 ұйымдастыру комитеті турнирде ұсынылатын спорт түрлерінің тізімін жариялады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Каратэ, бейсбол және софтбол тізімнен шығарылды. Бірақ бағдарламада тағы бір жаңа спорт түрі ретінде брейк-данс қосылды. Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Париждегі Олимпиада ойындары үшін жаңа спорт түрлерін іс-шара бағдарламасын растады. Спортшылар үшін тиісті квоталарды және біріктіруді қолға алынды. Ұйымдастыру комитеті мәліметінше, бағдарлама түпкілікті және өзгертуге жатпайды.

Дүниежүзілік каратэ федерациясының президенті Антонио Эспиноса өз кезегінде бұл спорт тұрақты түрде Олимпиада ойындарына болу керектігін алға тартты.

— Біз әлемге каратэнің ерекше спорт түрі екенін көрсеттік. Ол арнайы спорттық дайындықты және арнайы техниканы қажет етеді. Бұл олимпиадалық рух, бұл олимпиадалық құндылықтарға сәйкес келеді, - деді Эспиноса.

Естеріңізге сала кетейік, каратэ алғаш рет Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарында ұсынылған болатын. Сол кезде каратэшілер Дархан Асаділов пен Софья Берульцева Қазақстанға екі қола медаль әкелді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар