ШҚО-да ломбард қызметкері 3 млрд теңге ұрлады деген күдікпен ұсталды

cover

Аягөз полициясы алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады. Оның іс-әрекетінен келтірілген шығын алдын ала бағалау бойынша 3,1 млн теңге болды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыс полициясына 41 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Әйел ломбардта сарапшы-бағалаушы болып жұмыс істеген. Ол 2020 жылдың басынан бастап 2021 жылдың сәуіріне дейін ломбардтың 3,1 млн теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденген.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізді. Іс бойынша ноутбук пен чектер тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұған дейін «Қазақ алтын» кәсіпорнының қаржы бөлімінің қызметкері компанияның 1,5 млрд теңгеден астам қаржысын өз шотына аударып, жасырынуға әрекет жасағаны хабарланған. Оны полиция ұстады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар