ШҚО балалар үйінің директоры 63 млн теңге жымқырды

cover

Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директоры мен есепшісі 63 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.

Бұл жанжал алғаш рет 2019 жылдың қаңтарында, жаңа жыл қарсаңында мамандандырылған балалар үйінің 160 қызметкері жалақысыз қалған кезде басталды. Содан кейін желіге жиналыстан бейне жарияланды, онда мекеменің бас есепшісі балалар үйінің директорымен бірге 15 миллион теңге ұрлағанын мойындады. Бұл ақша жетім балаларға арналған болатын.

Айлықсыз қалған қызметкерлер іс қозғалмайды деп қорқып, прокуратурадан, БАҚ құралдарынан көмек сұрады. Қылмыстық іс қозғалды.

— Өскемендегі № 2 сотта қылмыстық іс қарауға түсті. Бюджет қаражатын ұрлау және жымқыру айыптары мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне – экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына қатысты ұсынылды. Оларды 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңге ұрлады деп айыпталды, - деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Шақпантаев.

Сотта мәлімделгендей, қылмыстық кодекстің 189-бабы «бір топ адамның сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемденіп алу және ысырап ету» бойынша айып тағылды. Оған сәйкес айыпталушылардың мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы қолданылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар