Сенат депутаты Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

cover Фото: wikipedia.org

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы Сенат отырысында белгілі болды.

– Нұрлан Наурызұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш білдірді. ОСК өтінішті қарап, Сенатқа ұсыныс берді, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат отырысында депутаттар Қылышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар