Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің аналары ата-ана құқығынан айырылады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясы алтыншы сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдерді мінез-құлқы қиын балаларға арналған арнайы мектепке жіберді. Екі ана ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тағы бес ана міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 78 640 теңгеден айыппұл салынды. Жасөспірімдердің бірінің әкесі бес тәулікке қамауға алынды.
«Соттың мұндай шешім қабылдауына ішімдік ішу, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылу, нашақорлық пен полиция есебінде тұру, тәрбие бермеу т.б. жағдайлар себеп болды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент пен мемлекеттік баж қаржысы өндірілді», — деді сот.
Ал баланы ұрып-соққан жасөспірімдердің алты ата-анасының үшеуі комиссия шешіміне қарсы шағым түсірді. Айта кетейік, бұған дейін Orda.kz оқушыны аямай ұрып, соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты соттың қандай үкім шығарғаны жайлы жазған еді.
Еске сала кетсек, Таразда 14 пен 16 жас арасындағы жасөспірімдер 12 жастағы қызды зорлағаны үшін 7 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды