Семейде құрдасын аяусыз ұрған балалардың бірінің ата-анасы қамалды
Фото: Бейнеден кадр
Семейде құрдасын жабылып соққыға жыққан балалардың ата-анасына сот үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот Абай облысындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-аналарын өз балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін кінәлі деп айыптады.
Ата-аналардың бірі Л.А есімді азамат 5 күнге қамалса, қалған 4 ата-ана 78 640 теңге айыппұл арқалады. Бұған дейін дәл осы сот бұзақы жасөспірімдерді арнайы мектептерге жіберген болатын. Л.М есімді жасөспірім (2011 жыл) 2 қылмыстық құқық бұзушылығы үшін 6 айға, ал Ш.Э (2008 жыл) и М.А (2012 жыл) теріс қылықтары мен сабаққа келмейтіні үшін 4 айға арнайы мектепке жіберілді.
Сот қалған 3 баланы арнайы мекемеге жіберуден бас тартты. Өйткені олардың екеуі 11 жасқа толмаған және біреуінде ешқандай құқық бұзушылық жоқ.
«Бұл ретте сот В.М. (2012 жылы туған), Е.С. (2014 жылы туған) және Т.С.-ны (2014 ж.т.) арнайы оқу мекемелеріне жіберу туралы арыздарды қанағаттандырудан бас тартты. Шешім В.М.-ның жүйелі бұзушылықтары болмағанына, ал қалған екеуі мамандандырылған білім беру ұйымдарына орналастыру үшін қажетті жасқа толмағандарына байланысты қабылданған (мамандандырылған оқу орындарына орналастыру заң бойынша 11 жастан бастап қана мүмкін болады). Барлық сот шешімдері тәрбие жұмысын жүргізу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың одан әрі алдын алу мақсатында қабылданды. Қажет болған жағдайда жасөспірімдердің арнаулы оқу орындарында болу мерзімі мекемелер әкімшілігінің өтінішхаты бойынша ұзартылуы мүмкін», – деп мәлімдеді сот.
Еске сала кетсек, Orda.kz құрдасын аямай ұрып, соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты соттың қандай үкім шығарғаны жайлы жазған еді.
Жаңалықтар
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды