Семейде бір ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

cover Фото: ІІМ

7 сәуірде Семейде 16 және 18 жастағы інісі мен әпкесі жоғалып кетті.

Жоғалғандарды іздеуге Семей қаласының полиция гарнизоны тартылып, әлеуметтік желілердегі топтарға бағдарлау хабарламалары жіберілді.

«15 мамырда «Строитель» диспансерінің маңында судан 18 жастағы қыздың денесі табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды» делінген хабарламада.

Әбішев Абзалды іздеу жалғасуда.

«Туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Абай Бектөре Сұлтан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар