«Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
Фото: Orda.kz
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі сотта миллиондаған оқырманы бар блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызмет және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды. Бүгін сот залында айыптау актісі оқылып, сондай-ақ іс бойынша алғашқы куәгер сөз сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Белгілі болғандай, 2025 жылы ерлі-зайыптылар онлайн-курс сатуды ұйымдастырған. Бұл курстарды сатып алғандарға — қымбат сыйлықтар уәде етіліп, соның ішінде автокөліктер ойнатылатын ұтысқа қатысу мүмкіндігі болған. Айыптау нұсқасы бойынша, оның мәтінін прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев оқып берді, ерлі-зайыптылар адамдардың сенімін пайдаланып заңсыз табыс тапқан.
Прокурордың айтуынша, оқыту материалдарының білім беру құндылығы болмаған. Видеоконтенттің едәуір бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube-тен алынған және лицензиясы жоқ лотереяны жасыру үшін пайдаланылған.
Сәтсіздік «барабаны» және келтірілген шығын
Айыптау нұсқасына сәйкес, жүлде қоры ұйымдастырушылардың жеке қаражатынан емес, онлайн-курстарға ақша төлеген азаматтардың қаржысы есебінен қалыптастырылған. Сонымен қатар электрондық «сәттілік барабанының» параметрлері өзгертілген деген болжам бар: бес мың теңге ұту ықтималдығы арттырылған, ал неғұрлым бағалы жүлделерді ұту мүмкіндігі төмендетілген. Іс бойынша жүргізілген сараптама 247 653 229 теңге көлемінде шығын келтірілгенін анықтады. Прокурордың айтуынша, тергеу нұсқасы бойынша айыпталушылар дәл осынша қаражатты заңсыз жолмен алған.
«Аталған қаржының 60 миллион теңгесі депозиттік шоттарға салынған»,
— деп прокурор айыптау мәтінін оқыды.
Тергеу барысында сегіз автокөлік пен 17 iPhone 16 смартфоны тәркіленді. Тәркіленген мүлік «Жана бизнес» ЖШС-нің атына тіркелген.

Алғашқы куәгерден жауап алу
Бүгін сотта электрондық «сәттілік барабанының» әзірлеушісі жауап берді. Іс материалдарына сәйкес, Сұңғат Өтеболатов Жанабыловтарға арналған екі сайтқа техникалық жағынан көмектескен.
Прокурор Олжас Хайруллаев айыпталушылар оған нақты қашан жүгінгенін сұрады. Куәгер нақты күнді есіне түсіре алмайтынын, бірақ шамамен 2025 жылдың көктемінде болғанын айтты. Сонымен қатар Өтеболатов жоба бойынша тек техникалық бөлігімен айналысқанын түсіндірді: жүйені әзірлеуге қатысып, сайттардың жұмысын қамтамасыз еткен, алайда ұтыс ойындарын ұйымдастыруға қатыспаған.
Адвокат айыпталушылар басқа блогерлердің осындай акциялар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын білген-білмегенін сұрады.
«Эльмира ықтимал салдарлар туралы сұраған, себебі басқа блогерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Алайда мен клиенттерімнің әрекеттеріне құқықтық баға бермеймін»,— деді куәгер
Айта кетейік, айыптау актісі жарияланғаннан кейін судья Әділбек Баймаханов айыпталушылардан тағылған айыппен келісетін-келіспейтінін және кінәсін мойындайтынын сұрады. Алайда блогерлер жауап беруден бас тартты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды
- Қаласақ, қызық үшін тағы бірнеше соққы жасай аламыз — Трамп