Сауд Арабиясының шөлді даласына қар жауды

cover Фото: @worldprotest

Сауд Арабиясының солтүстігіндегі әл-Джауф аймағында күтпеген жерден қар жауып, шөлді өңірді ақ ұлпа жапты деп хабарлайды Orda.kz Khaleej Times-қа сілтеме жасап.

Қараша айының басында сирек кездесетін нөсер жаңбыр мен бұршақ жауыннан кейін, 2 қарашада күзгі қар тау бөктерін жауып, ерекше көрініс жасады.

Жергілікті тұрғындар үшін бұл күтпеген жағдай болды. Өйткені бұл аймақта температура сирек төмен түседі. Енді қар жауып, таулардан сарқырама ағып, шөлді дала аңғарларын қар жапқан кезде жұрт таң-тамаша болды.

Көктем мезгілінде бұл ерекше табиғи құбылыс өңірдегі лаванда, хризантема және басқа да хош иісті өсімдіктердің жайқала гүлдеуіне сеп болуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар