Сәтжан Әблалиев пара алды деген күдікке ілінді

cover

Бірнеше Telegram-арнада ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Жазбаларда құқық қорғау органдары оның пара алды деген күдікпен тексеріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Алайда бұл ақпаратты ресми органдар әлі растамады. Редакция мемлекеттік органдарға ресми сауал жолдады. Бірақ ҰҚК мен Көлік министрлігінің баспасөз қызметтері әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Tengrinews.kz сайтының дереккөзі вице-министрге қатысты тергеу жүріп жатқанын растаған. Бірақ нақты мәліметтерді жария етпеді.

Сәтжан Әблалиев 2023 жылдың қазан айынан бері Көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар