Сарысудағы мемориалдық кешенге бір әкім рұқсат беріп, екіншісі заңсыз деп тануда
Коллаж Orda.kz
Жамбыл облысы Сарысу ауданының тумасы Байсейіт Әділовке арнап ұрпағы мемориалдық кешен көтергенін қолдаған Сарысу ауданының экс-әкімі Қанатбек Мәдібек болса, оны заңсыз деп танып жатқан қазіргі әкім Марат Сұлтанғалиев болып отыр.
Қазіргі таңда мемориалдық кешенде қоғам қайраткері Байсейіт Әділов пен Жамбыл облысының Құрметті азаматы, соғыс кезінде пошташы болып қызмет еткен Жақсылықбай Тәжібаевтың сүйегі жатыр. Екеуі де елге белгілі екі азамат. Бірақ Саудакент ауылының тұрғыны Егізбек Сәтұлы бұл кешенді Асаубай Майлыбаев өзінің туыстарына жеке пантеон жасамақ болды дау шығарып, құзырлы органдарға шағымын білдіруде. Осы мәселенің ақ пен қарасын ажыратуды көздейміз.
Ақ Байсейіт деген кім?
Байсейіт – қазақтың азаттық қозғалысына қатысушы, қоғам қайраткері болған тұлға. Кезінде он жыл аттан түспей, империя әскерімен соғысып, ұлт-азаттық күрес көсемі болған Кенесары ханның ту ұстаушыларының бірі болған Мыңжасар батырдың немересі. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Мыңжасар батыр отарлаушылардың жаңа тәртібіне көндіге бастаған. Оның ел-жұрты мекендейтін аумақтағы орыс қаласы, кезінде хан жасағы құрамында шабуылдауға өзі де қатысқан Ақмола бекінісі біртіндеп бейбіт өмірге бейімделген еді.
Байсейіт Әділов Ақмола мектебінен кейін Омбыда мұғалімдер семинариясын бітіреді. Болыстық кеңселерде хатшылық қызмет атқарады, тілмәш боп істейді. Ел-жұрт ішінде беделді болады, жерлестері оны сүйіспеншілікпен «Ақ Байсейіт» деп атайды.
Ақ Байсейіт Сәкен Сейфуллинмен Омбыда саяси мектепте бірге оқып, қазақ ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысты. Сәкеннің атақты «Тар жол, тайғақ кешуінде» Байсейіт Әділов жайында көп айтылған. Онда Байсейіт Әділов пен оның тағдырындағы қасіретті таңбаға айналған Ғалым Әбубәкіров туралы да танымды деректер бар.
Тәжібаевтың сүйегін Әділовтың маңына қоюға кім рұқсат берді?
Жақсылықбай Тәжібаев Жамбыл облысының Құрметті азаматы, тыл еңбеккері, Тараз қалалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігін бірнеше жыл басқарған. Зейнетке шыққаннан кейін қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан. Жақсылықбай Тәжібаев қайтыс боларында Байсейіт Әділовтың маңына жерлеуін сұраған болатын. Әке аманаты туралы Жақсылықбай Тәжібаевтың ұлы Темірхан пікірін білдірді.
Байсейіт Әділов жатқан жерді мемориалдық кешен жасауды жөн санадық. Жеке бір адамның пантеоны болғанын дұрыс емес. Халық демалатын демалыс орны болу керек. Біздің идеяны сол кездегі әкім Қанатбек Мәдібек қолдап, ашылуына келді. Енді арыз жазған адамдардың уәждері ескеріліп, жер комиссиясының шешімі заңсыз деп танылып жатыр. Сонда әкем мен қоғам қайраткері Байсейіт Әділовке ауыл маңынан жерленген жерді қызғанып отыр ма? Бұл қалай, деген ой келеді. Бұл жерге тікелей жақын орналасқан үйлердің ешқандай қарсылығы жоқ дейді Темірхан Тәжібаев.
Айта кетерлігі, демеушілердің есебінен кешенге 28 млнға жұмыс жүргізіліп қойыпты. Асаубай Майлыбаевтың жеке пантеоны болмайтындығы, ол тарихи мәдени ескерткіш орны болатындығы айтылып жүр.
«Алла жан беруші және оны алушы» екендігін еске салып, екі метр қабірде жатқандарды мазалауды доғарып, уәде етілген халық демалатындай орын болуына атсалыссақ жөн болар» деп ойын жеткізді Темірхан Тәжібаев.
Осы мәселе бойынша зиратқа қарсы кісілер сол кездегі Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қоғамдық қабылдауында болған. Сонда Бердібек Мәшбекұлы «Әкімдік берілген жер пантеон болмайды, бірақ өлілерді мазалауды доғару керек» деп айтқан болатын.
Сонымен қатар, Сарысу ауданы Саудакент, Игілік, Өндіріс, Ұйым ауылдарының ақсақалдары мен сол кездегі мәслихат депутаттары Сапарбаевтың сөзін толықтай қолдаған болатын.
Авторы: Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық