Сарапшы Ерлан Батырбеков неге Қазақстанда АЭС-ті «Росатом» салады деген сұраққа жауап берді
Фото: gov.kz
Кеше Халықаралық сарапшылардың қатысуымен ҚР Атом энергиясы агенттігі Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салуға консорциум көшбасшысын анықтау жұмыстарын аяқтады. АЭС-ті «Росатом» компаниясы салатын болды. Бұл жөнінде өз пікірін «Facebook» желісінде ҚР ҰЯО РМК бас директоры Ерлан Батырбеков білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Росатом — әлемдегі ядролық технологиялардың басында тұр,, оларда ең дамыған әрі тәжірибелі атом мектебі бар. 1954 жылы Обнинскіде әлемдегі алғашқы АЭС іске қосылды. Сонымен қатар, әлемдегі алғашқы өнеркәсіптік жылдам нейтрондар реакторы БН-350 ресейлік технологиялар бойынша салынған және біздің Каспий теңізінің жағасындағы Ақтауда жұмыс істеген» деп жазды ол.
Физик-ядролықшы компаниялар мен шорт-листке енген елдердің параметрлерін салыстырды:
«Қазақстан үшін қарастырылған барлық реакторлық технологиялар қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді, 9 балдық ең жоғары жобалық жер сілкінісіне төтеп бере алады немесе бейімделе алады, белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелері бар, ауыр апаттарды басқару шешімдері мен шараларын қамтиды, ол қосарлы қорғаныс қабықшасымен жабдықталған».
Академиктің айтуынша, Ресей мен Қытай ел ішінде де, шетелде де 20-дан астам реактор салып жатыр, ал Франция мен Корея тек екі реактордан ғана тұрғызуда — APR1400 технологиясы бойынша Кореяда, APR1000 – Чехияда, EPR1200 – Ұлыбританияда.
«Бұдан бөлек, Ресей мен Қытайдың халықаралық консорциумдарға қатысуда тәжірибесі мол, өйткені олар әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын бір жоба аясында тиімді үйлестіре алады. Сонымен қатар, Ресей шетелде АЭС салу жағынан ең үздік тәжірибеге ие — Қытай, Түркия, Бангладеш, Беларусь, Үндістан, Иран және Египетте 20-дан астам реактор салып жатыр. Олар ұлттық талаптарға бейімдеу мен жергілікті өнеркәсіппен жұмыс істеу ісінде жоғары біліктілікке ие, бұл жобаны жүзеге асыру кезінде жергілікті мазмұн үлесін барынша пайдалануға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Ерлан Батырбеков.
Қазақстандықтардың неге АЭС салуға қарсы екенін мына жерден оқи аласыз.
Біздің тілішілер бұған дейін де талай сарапшының пікірін жариялаған болатын, соның бірі — Қазақстанда АЭС салу екі есе қымбатқа түсуі мүмкін екендігі.
Жақында Қазақстанның энергия жүйесін жаңарту жобалары «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі отырысында талқыланды.
ЖЭО-ның қарызға салынып, тариф арқылы халықтың мойнына ілінетіні, бұған АЭС-тің қандай қатысы бар екенін мына жерден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?