Қайнарлықтар мерзімнен бұрын үйлеріне кіреді – Сапарбаев

cover фото: Orda.kz

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз маңында орналасқан Байзақтағы жарылыстан зардап шеккен үйлердің қалпына келтіру жұмыстарын көруге келді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Осыдан бір ай бұрын Байзақ ауданы Қайнар ауылының маңындағы қару жарақ сақтайтын қоймадан өрт шығып, артынан үлкен жарылыстар орын алды.

Тура бір ай өткен соң елдімекенге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев келіп, қираған үйлердің қайта қалпына келтірілуін тексерді. Құрылыс жүріп жатқан үйлерді жауаптыларымен бірге аралады.

фото: Orda.kz

Бердібек Сапарбаев түске дейін жарылыс ошағына ең жақын орналасқан Қайнар ауылы тұрғындары үйлерінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Әкімнің айтуынша, құрылыс жұмыстары 10 қарашаға дейін емес күн жылы болып тұрса 20 қазанға дейін аяқтайталады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына мердігерлер өз қаражаттарын салып жатыр.

- Оларға үлкен алғыс. Осындай қиын сәтте көмек қолдарын созуда, – деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев тұрғындардан сырттан бақылап отырмай, қора жайларды ретке келтіре берулерін сұрады.

- Үйде ер азаматтар бар ғой, құрылыс материалдарымен демеушілер барынша көмек беріп келеді. Енді тұрғындарды күн суымай тұрып, осы жұмысты бірлесе аяқтауға шақырамын, – деді Сапарбаев.

фото: Orda.kz

Бердібек Сапарбаев құрылысы жүріп жатқан Қайнар ауылының тұрғыны Раушан Мамытбекованың үйінде болды.

Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Қайнар тұрғыны жарылыстан бір ай өткеннен кейінгі өз ойларымен бөлісті.

– Қорқыныш жоқ. Балалар ұмытты. Бәрі жақсы. Үйдің құрылысы жақсы. Айтқанымның бәрін істеп жатыр. Жарылыстан бір ай өтті. Бала шағам бөлек бөлек жатсың деген оймен үйге қайта жобалау жасалды. Көңіл күйіміз жақсы, үйдің құрылысы мен сапасына көңілім толады, – деді Раушан Мамытбекова.   

Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылуы болды. Жарылыстардан кейін 93 адам ауруханаға жатқызылды.

Мақала авторы: Исламбек Дастан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар