«Салық төлеушілердің көз жасы»: LRT-ның суымен көлігін жуған жүргізуші жұртты күлдірді

cover Фото: Бейнеден кадр

Астанада жүргізуші LRT конструкциясынан аққан су астында көлігін жуған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Желіде ер адамның LRT құрылысынан аққан суға көлігін жуған бейнежазба тарады. Желі қолданушылары көлік жүргізушінің әрекетін «экологиялық тазалау» және «салық төлеушілердің көз жасы» деп әзілге айналдырды.

CTS компаниясы бұл судың неге ағып тұрғанын түсіндірді. Бұл — су жүйесі мен су ағызу желілерін реттеу жұмыстарының бір бөлігі екен. 

Айта кетейік, Астанада бірнеше жылға созылған жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының құрылысы соңғы кезеңге жақындап қалды. 

Астаналықтар мен қала қонақтары LRT-ны 67 күннен кейін пайдалана бастайды. Жақын арада елорда тұрғындары қала ішіндегі қоғамдық көліктің жаңа түріне қол жеткізеді. Жол ақысы шамамен 200 теңге болады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар