Сәлімбай атымен танымал криминалдық авторитет түрмеден шықты

cover Фото: Jahongir Latipov / YouTube

Өзбекстанның криминалдық авторитеті Сәлім Абдувалиев түрмеден босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Газета.uz мәліметінше, Сәлімбай лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі ауыр науқасына байланысты жазасын әрі қарай өтеуге мүмкіндігі болмағандықтан босатылған.

75 жастағы Абдувалиев кәсіпкерлікпен қоса ұлттық олимпиада комитетінің бұрынғы төраға орынбасары  болған. Ол 2024 жылдың 19 наурызында Мирабад аудандық сотының үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сәлімбай-байға қылмыстық кодекстің 248-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни атыс қаруын, оқ-дәрілерді, атыс қаруының негізгі бөліктерін, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды заңсыз айналымға шығарғаны үшін айыпты деп танылды.  

Сонымен қатар, Сәлімбай Қырғызстанның саяси және іскерлік орталарында кең танымал. Қамчыбек Ташиевтің айтуынша, бұрынғы депутат Эмиль Жамғырчиев дәл Абдувалиевпен кездесу үшін Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өткен.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар