Сайлау қорытындысына наразы халық Мәскеуде шеруге шықты

cover

Мәскеуде Орталық сайлау комиссиясы Мемлекеттік дума сайлауының нәтижесін жариялай салысымен коммунистер шеруді бастап кетті.

500-дей адам Пушкин алаңына жиналып, өз наразылықтарын білдірді.

Жиналғандар жаңа электронды дауыс беру жүйесі коммунистік партия атынан сайлауға түскен үмітерлердің жеңісін ұрлап алды деген айып тағып отыр.

Коронавирус пандемиясына байланысты Мәскеу билігі аталған шеруге рұқсат бермеген.

Ресейде 17-19 қыркүйек аралығында Парламент сайлауы өткені белгілі. 7 аймақтың сайлаушылары қашықтан дауыс беруге қатысты.

Сайлау нәтижесі бойынша Думаға 5 партия өтті. «Единая Россия» партиясы ең көп дауыс жинап, 324 мандатқа ие болды. Бұл  бар жоғы 57 орын тиген коммунистер наразылығын тудырды.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар