Елімізде сүт өнімдері қымбаттады

cover

Елімізде бір жыл ішінде сүт 10 пайызға қымбаттады.

Бұл туралы Orda.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, орташа есеппен әрбір қазақстандық сүтке күніне 100 теңгеден артық ақша жұмсайды.

Сарапшылар 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өңделген сүт пен кілегей өндірісі 253,1 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,3% артты деп есептеді.

– Салада өндірілетін өнімнің шамамен үштен екісі елдің үш негізгі «сүт» аймақтарына келеді: Солтүстік Қазақстан (78,5 мың тонна), Алматы (44,8 мың тонна) және Ақмола (38,9 мың тонна) облыстары, - дейді мамандар.

Қостанай облысында (29,1 мың тонна) және Алматыда (19,5 мың тонна) өндірістің айтарлықтай көлемі байқалды. 2021 жылғы мамырдың соңында тұтынушыларға арналған сүт өнімдерінің бағасы бір жыл ішінде 8% -ға өсті.

– Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасында майлылығы 2,5% пастерленген сүттің бағасы 249 теңгені құрады, майлылығы 3,2% -4% - 300 теңгені құрады. Салыстыру үшін: өткен жылы Қазақстан Республикасында майлылығы 2,5% құрайтын пастерленген сүт 252 теңгеге, 3,2% -4% - 268 теңгеге сатылды, - делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар