Рудный колледжінің студенті өзіне қол жұмсады

cover

Рудный колледжінің 17 жастағы студенті өз-өзіне қол жұмсады. Басшылық пен туыстары оны бұл қадамға не итермелеуі мүмкін екенін түсінбей отыр.

Бұл туралы Orda.kz Tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

19 наурызда жас жігіт оқу кезінде өзі тұрған бөлмеде өзіне қол салғаны белгілі болды.

Оқу ұйымы студент екінші курста оқитынын айтты. Олардың айтуынша, оқу барысында ол өзін жағымды жағынан көрсетті. Полицияда тіркелмеген. Колледжде белсенді болған. Себепсіз сабақтан қалмайтын. Көңілді адам болған, материалдық қиындықтар көрмеген.

Колледж басшылығы мен марқұмның туыстары жігітті мұндай әрекетке не итермелеуі мүмкін екенін түсінбей отыр.

Жігіт өзінің соңғы хатында ата-анасынан оның өліміне ешкімді кінәламауды, соттамауды сұрады. Ол өзіне-өзі қол жұмсауды жаңа жылға дейін де ойластырған. Осы ой оның миынан шыққан емес. Ол күнәларын өтеуі керек екенін жазған.

TobolInfo тілшісінің хабарлауынша, ата-аналары ұлын суицидке итермелеген деп санайды. Ол бір күн бұрын үйге қоңырау шалып, Наурыз мейрамына қонаққа барамын деп айтқан.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар