Reuters Путин мен Си мәңгілік өмір туралы әңгімелескен бейнероликті өшірді
Фото: Aleksey Mayshev/TASS
Reuters агенттігі 3 қыркүйекте Бейжіңде өткен әскери парадтың алдында Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путин арасында болған әңгімеден үзіндіні Қытай теледидарының талабымен өшірді. Бұл үзіндіде Ресей мен Қытай басшылары адамның өмірін 150 жасқа дейін ұзарту туралы сөйлескен болатын.
Саясаттанушы Аркадий Дубновтың пайымдауынша, Қытай тарапына Си Цзиньпиннің жасару үшін өзге адамның ағзасын салдыруы мүмкін деген ойдың өзі жат әрі қауіпті көрінуі ықтимал, деп хабарлайды Orda.kz.
Басында Қытай теледидары өз видеосын пайдалануға рұқсат берген, бірақ кейін бұл келісімін қайтарып алған.
«Бұл әңгіменің маған маңызды болып көрінгені – оны Қытай басшысы өзі бастап еді, бірақ ол көпшілікке арналмаған сияқты. Бұл жерде, әрине, осындай нәрсеге жол берген Қытай қызметтеріне қатысты сұрақ бар. Егер Қытай дәстүрінде өз ойын астарлап жеткізу қалыпты жағдай болса, онда Си төраға Путинге: «Қазіргі заманда 70 жастағы адам әлі бала сияқты» деп айту арқылы (екеуі де бүгінде 72 жаста) екеуінің де мүмкіндігінше ұзақ уақыт билікте қалуға дайын екенін меңзегені неге мүмкін емес болсын…», — деп ой бөліседі Дубнов.
Ол бұл ойларымен жұбайымен де бөліскенін айтып, оның мүлде басқа пікір ұсынғанын жеткізді:
«Бұл көсемдер өздерін күлкілі жағдайда көрсетеді деп ойлайды…» – депті оның жары.
Шамамен 8 миллиард жер тұрғындарының 5,4 миллиарды 70 жастан асқан ерлердің басқаруында, бұл планета халқының 67,5%. Әйелдер небәрі 28 елді басқарады.
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді