Республиканың он облысында дауылды ескерту жарияланды

cover

Бүгін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қарлы боран мен жел күші сақталуда, деп хабарлайды ORDA.

Еліміздің оңтүстігінде Түркістан және Жамбыл облыстарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.

Маңғыстауда көктайғақ болуы мүмкін.

«ҚазАвтоЖол» онлайн-картасы бойынша, көрінудің нашарлығына байланысты Павлодарды Екібастұзбен және Баянауылмен байланыстыратын тас жолда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады.

Көлік жүргізушілері жол қозғалысының жағдайымен алдын-ала танысуы керек.

Еске салсақ, 12 қаңтар ауа-райының нашарлауына байланысты біраз өңірде жол жабылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар