Республика сарайында Путинді жер-көкке сыйдырмай мақтаған Ситников кім?

Белгілі ресейлік коуч Алексей Ситников Forbes тізіміндегі миллиардердің жұбайы Жанна Кан ұйымдастырған әйелдер медиафорумында сөз сөйлеп,Ресей президенті Владимир Путинді жер-көкке сыйдырмай мақтаған, деп хабарлайды Orda.kz.
BEWOMAN форумында сөз сөйлеген Ситников сахнада көрермендерге Ресей президентін дәріптеді. Психолог Владимир Путинді «тойтарылмас серпіні» үшін мақтады.
«Қараңыздаршы, Путин соққыны қалай ұстайды. Онымен 55 ел соғысып жатыр, ал ол жеңіп келеді. Трамптың Путинді ұшақ трапында қалай қарсы алғанын қараңыздар. Ол ешкімді олай қарсы алмайды. Сөйтсек, тек ұлттың пассионарлығы ғана емес, тұлғаның пассионарлығы да әлемді өзгертетін драйвер бола алады екен», – деді Алексей Ситников.
Ресейлік коучтың сөзі қазақстандық жұртшылыққа ұнаған жоқ. Қазақстанда Z-әртістерге деген көзқарас оңтайлы емес, соңғы жылдары қоғам ресейлік жұлдыздардың концерттерін жиі өткізбеуге тырысуда.
Ал Ситников Республика сарайының ішінде отырып Ресей президентін мақтады. Әлеуметтік желіде бұған наразылық танытқандар да болды:
- «Біздің құқық қорғау органдары қайда қарап отыр? ҰҚК ше?»
- «Әрине, мұндай пікірлер орынсыз! Неге біздің елде мұндай үгіт жүргізіледі?»
- «Осындай іс-шараларға арналған регламент пен күн тәртібі жоқ па?»
Алексей Ситников деген кім?
Алексей Ситников — ресейлік психолог, коуч, бизнес-тренер, тұлғалық даму, лидерлік және коммуникация бойынша тренингтердің авторы. Өзін ықпал ету психологиясы, мотивация және келіссөздер бойынша сарапшы ретінде таныстырады.
Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған, кандидаттық дәрежесі бар. 1990-жылдары саяси консалтингте жұмыс істеп, Ресей мен шетелдегі сайлауалды науқандарға қатысқан.
Медиа мен әлеуметтік желілерде Ситниковты жиі «инфоцыган» деп атайды. Пайдаланушылардың пікірінше, ол мотивациялық курстарды сатып, нақты негізсіз жылдам табысқа уәде береді.
Сынға қарамастан, ол әлі де сұранысқа ие спикер болып отыр. Инстаграмда оның шамамен 900 мың жазылушысы бар. Ол дәрістер оқиды, компаниялар мен мемлекеттік құрылымдарға кеңес береді, Ресейде және одан тыс жерлерде білім беру жобаларын ұйымдастырады.
BeWoman ұйымдастырушысы Жанна Кан Қаңтарға және салыққа қатысты не айтты?
BeWoman — әйелдер лидерлігі форумы, Жанна Канның жобасы. Ол Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы мен Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясының үлес иесі, Александр Клебановпен бірге серіктес саналатын Сергей Канның жұбайы. Forbes тізіміндегі олигарх бүгінгі таңда рейтингте 22-орында тұр. Бір жыл ішінде Канның байлығы 170 млн долларға өсіп, 292 млн долларға жеткен.
Zhanna Kan Group компаниясының негізін қалаушы кәсіпкер Жанна Кан Қазақстанның ықпалды әйелдерінің қатарына кіреді. Дегенмен, кәсіпкер әйелдің кейбір пікірлері желіде сынға ұшырап жүр. Жақында ғана жаңа салық кодексіне енгізілген түзетулерді талқылап, қазақстандықтарға «көп еңбек етіп, көбірек табыс табуға, салықты мемлекетке қолдау ретінде төлеуге» кеңес берген. Әйтпесе, «жаңа Қаңтар» болуы мүмкін екенін меңзеген.
Жаңалықтар
- Семейдегі тым-тырыс сайлау: Алаштың астанасындағы «демократия»
- Әскери басшының қызметкерге балағат сөздер айтқан бейнежазбасы тарады
- Ақтөбеде 14 жастағы Нұржан Сыдықтың өліміне күдікті болған үш оқушы ақталды
- Достық – Мойынты теміржолы: Президент Тоқаевты кім алдады?
- Ақорда берген пәтер: Тоқаевтың жеке журналисінің басы дауға қалды
- Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды
- Шерхан Қалмұрзаға ғылым министрі грант табыстады
- Басы дауға қалған көлік министрлігінң шенеунігі «әкімдікке» жіберілді
- Қазақстанда Джеки Чан ойнайтын жаңа «Құдіретті сауыт» фильмі түсіріледі
- Тамара Асардың өгей ұлы өмірден озды
- Президент резиденциялары дирекциясының бұрынғы басшысы заңсыз алтын өндірген
- Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі банкрот деп танылды
- Қоянқұста ата-аналар балаларын мектепке жібере алмай отыр
- Қызылордада мүмкіндігі шектеулі баланы қорлап, аяғын күйдіргендер ұсталды
- Екібастұзда КСРО басшысы Георгий Маленков тұрған пәтер сатылымға шықты
- Таразда әкімдік қызметкерлері мемлекеттік мүлікті заңсыз сатқан
- Дана Әбдірова Перудегі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
- Республика сарайында Путинді жер-көкке сыйдырмай мақтаған Ситников кім?
- Салтанат Нүкенованың есімі елдің тарихи тұлғалар пантеонына енгізілді
- БАӘ-де заңсыз мұнай сатқан қазақстандық ұсталып, елге экстрадицияланды