Республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды - 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

cover

Жексенбі күні Қазақстанның барлық аймақтарында дауылды ескерту жарияланды. Қазгидрометтің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Orda.kz.

Алматы, Ақмола, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Жетісу, Абай облыстарында найзағай ойнап, қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз орталықта және шығыста шаңды дауыл соғады.

• Астанада бұлтты, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы түнде +11-13°C, күндіз +21-23°C.

• Алматыда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы түнде +18-20°C, күндіз +22-24°C.

• Шымкентте бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, ауа температурасы түнде +17-19°C, күндіз +28-30°C.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар