Ресейлік Су-30 жойғыш ұшағы Атырау әуежайында не істеп жүр?
Бейнеден кадр
Алдын ала мәліметке сәйкес, 20 ақпан күні шамамен сағат 9:40-та Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежай аумағына Су-30 көпмақсатты жойғыш ұшағы жоспардан тыс қонған. Бұл туралы Orda.kz жергілікті Ақ Жайық басылымына сілтеп хабарлайды.
Ұшақты 1986 жылы туған, Ресей азаматы, Башқұртстан Республикасының Белорецк қаласының тумасы Дмитрий Нифантьев басқарғаны белгілі болды.
Ақпаратта айтылғандай, ұшақ Каспий теңізі үстінде әскери-жаттығу ұшу орындаған. Ұшу барысында пилот бағыт-бағдарынан жаңылып қалып, Атырау әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдаған.
Қону штаттық режимде өткен. Жолаушылар мен әуежай жұмысына ешқандай қауіп төнбеген, тұрақты рейстер кесте бойынша орындалған. Жойғыш ұшақ әуежайда аз ғана уақыт болған, пилотқа медициналық көмек көрсетілген. Қажетті рәсімдер мен келісулерден кейін ұшақ Қазақстан аумағынан шығып, Ресейге қайтып оралған.
Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осы ақпарат сайтымызда жарияланған кезге дейін ресми толыққанды түсініктеме берілмеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Жапаров досына не үшін ренжіді: Қырғызстан ҰҚК беделі түсіп кетті
- Олимпиада-2026: 21 ақпанда Қазақстан атынан кімдер жарысқа шығады
- Голан төбесіндегі қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды
- Ресейлік Су-30 жойғыш ұшағы Атырау әуежайында не істеп жүр?
- World Boxing Organization Жәнібек Әлімханұлына бір жылға жарысқа қатысуға тыйым салды
- Ильхам Әлиевтің күзеті наразы топпен қақтығысты: Елшілік түсініктеме берді
- Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына ілтипат білдірді
- Михаил Шайдоров пен командасын дайындауға 263 миллион теңге жұмсалды
- Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореядан ерікті түрде шығатын мерзімі ұзартылды
- Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабаққа кірмейді
- Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров жарысқа киген костюмін музейге тапсырды
- Ұлттық Банк төрағасының орынбасары қызметінен кетті
- Иран АҚШ-тың әскери ұшақтарын сатып алғысы келеді
- Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 гала-шоуында өнер көрсетеді
- Мәсімовтің самурай қылышы мен белдігі бастапқы бағадан әлдеқайда қымбатқа сатылды
- Павлодарлық тұрғын жууға әкелген көлігінен айырылып қалды
- Әйелі мен ұлын өлтірген азаматқа сот үкімі шықты
- Қазақстанда 37 градусқа дейінгі аяз болады
- Лақап аты «Грудак»: Қырғызстанда ҰҚМК-ның тағы бір қызметкері ұсталды
- Дильназ Ахмадиева ерекше балалардың құқығын қорғайтынын мәлімдеді