Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатыр
Фото: көрнекілік үшін
Әлеуметтік желілерде Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга портында қазақстандық жұмысшыларды күшпен ұстап жатқан видеолар тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, арнайы жасақ жаппай рейд жүргізіп, төбелеске қатысы жоқ, бөлмесінде ұйықтап жатқан ондаған қазақстандықтарды да қамауға алған. Оларды 15 тәулікке қамап, депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Санкт-Петербург полициясы оқиғаға қатысты ресми ақпарат жариялап, кейін оны БАҚ-тағы шудан соң еш түсініктемесіз өшіріп тастады. Өшірілген мәліметте 31 адам ұсталып, олардан 29 пышақ тәркіленгені жазылды.
Ресейлік 47news басылымының мәліметінше, жанжал «Велесстрой» компаниясының құрылыс алаңында басталған. Бейресми деректерге сүйенсек, күзетшілер мас жұмысшыны ұстамақ болғанда, өзгелері оған болысып, соңы үлкен төбелеске ұласқан. Жұмысшылар автобус терезелерін шағып, бұзақылық бабымен іс қозғалды. Бұл жағдай порттың дрон шабуылдарынан кейін жұмысын тоқтатқан кезімен тұспа-тұс келді.
Қазақстандық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, таралған кадрларда жұрт ортасына жарқылдауық шамы бар көлік қатты жылдамдықпен кірген, оқ атылғаны және жігіттерді күшпен әкетіп жатқаны көрінеді. Видеоны түсірген куәгер ол жерде байланыс жоқтығын айтты. Желіде бұл оқиға күзеттегі Солтүстік Кавказ өкілдері мен қазақстандықтар арасындағы ұлтаралық қақтығыс болуы мүмкін деген нұсқа да талқылануда.
Жағдайға қатысты түсініктеме берген Қазақстанның сыртқы істер министрлігі оқиғаның 26 наурыз күні Усть-Луга кентінде болғанын растады. ҚР СІМ мәліметінше, оқиғаға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары ұстаған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны бақылауға алғанын жеткізді. Бас консулдық Ресейдің құзырлы органдары мен компания басшылығына ресми сауал жолдаған. Қазір дипломаттар зардап шеккендердің саны мен құқықтық мәртебесін анықтау үшін жергілікті полициямен тұрақты байланыста отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды
- Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді
- Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатыр
- Ақтөбеде мемлекетке 672 миллион теңге шығын келтірген екі депутат пен шенеунік сотталды
- Марко Рубио: Зеленскийдің АҚШ кепілдік үшін аумақ сұрады деген сөзі жалған
- Ақмола облысында әскерден жалтаруға «қажетті диагноз» қоятын қызметкер ұсталды
- Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпекші болған қылмыстық топ құрықталды
- Түркістан облысында жоғалған сегіз жасар бала төртінші күн табылар емес
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты