Ресейден қашқан жасөспірім: «Путиндік саясатқа қарсымын»
Фото «УН»
16 жасар оқушы соғыс пен мемлекеттік насихаттан қашып, Ресейден Қазақстанға жаяулатып, арасында жол-жөнекей көлікке мініп, әупірімдеп жеткен. Ол баспана сұрапты. Бірақ мұнда оны қорғамай, депортацияға жіберген. Енді Кремль саясатына ашық қарсы шыққан жасөспірімді кері қайтаруға дайындалып жатыр. Осындай шым-шытырық оқиғаны бастан кешкен Тимур Турковтың тарихын «Уральская неделя» өңірлік газеті баяндады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазір жасөспірім Оралда, қиын жағдайға тап болған балаларға арналған орталықта тұрады. Жақында сот оны Ресейге кері депортациялауға шешім шығарды және Қазақстанға келуге бес жылға тыйым салды. Үйінде оны алты ай бас бостандығын шектеу жазасы күтіп тұр.
Тимурдың үйі Мурманск облысындағы Летки ауылында екен. Онда оның тек әжесі мен атасы ғана бар, олар оның қамқоршылары. Анасы қайтыс болған, әкесі отбасынан кетіп қалған. Жазда Тимур тоғыз сыныпты бітіріп, күзде Қазақстанға қашып келген.
«Ресейдің саяси бағытымен келіспеймін, 18 жасқа толғаннан кейін соғысқа жіберуі мүмкін деген қорқынышқа байланысты босқын мәртебесіне сұрау мақсатында қашып келдім», - дейді жасөспірім.
Ол 12 қыркүйекке қараған түні шекарадан өтіпті.
«Бақылау-іздеу жолағынан 200 метр қашықтықта қара жерде отырдым. Таңғы сағат алтыда жүрегім айни бастады... Қатты шаршағаннан әрі шөл қысып жатып, есімді жоғалттым. Бір түннің ішінде мен 17 шақырымға жуық жол жүріп өттім», - сипаттайды сол түнді Тимур.
Шекаралас Астафьево ауылында ол өзі ТЖМ шақыруды сұраған.
«Жергілікті адам мені түрмеге қамайтынын, сондай-ақ, ол мені украиндықтар жалдады деп жазалайтынын айта бастады», - деп еске алады Тимур.
Шекарашылар оны «Махамбет» шекара бекетіне жеткізеді. Заттарын қарап, бағытын сұрап, нан, жұмыртқа мен шәй беріп тамақтандырады. Кейін РФ консулдығының қызметкері мен психолог келеді. Содан кейін ФСБ жауап алады.
«Олар маған кездейсоқ адасып, шекарадан өтіп кеткенімді мойындауды ұсына бастады. Мен өтірік айтудан бас тарттым. Психолог әсіресе табанды болды. Маған біреу көмектесті ме, деп сұрады. Неге екені белгісіз, менен құлпынай бәлішін ұнататынымды және қандай сүт ішкенімді сұрады».
Осыдан кейін Тимурді Оралға алып барып, орталыққа орналастырды. Психолог оны психикалық сау деп таныды. Оған мемлекеттік адвокат тағайындалды. Ол бұл оқиғадан емес, милитаризациядан және соғыстың тұрақты қысымынан қашқанын айтады.
Оның ауылында оқушылар сарбаздарды жерлеу кезінде құрметті қарауылға тұрады, ауылынан 12 адам қаза тапты, бесеуі хабар-ошарсыз кетті. Соғыс - жаңалықтарда, мектепте, ересектердің әңгімелерінде, барлық жерде айтылады. Көпшілігі Кремльді қолдайды, ал Тимур қолдамайды. Ол бұл әңгімелерге қосылмаса да, ішінен үрейленіп жүрген. 18 жасында соғысқа жіберілуі мүмкін деген ой маза бермеді.
Тимур Қазақстанда алғаш рет адамдардың жан жылуын сезінгенін айтады. Бірақ мемлекетаралық келісімдер мен заң оның бұл елде қалуына мүмкіндік бере қоймасы анық. Бұл арада оның шекараны бұзып өткендігі де ескеріледі. Не болса да Кремль саясатына ашық қарсы шыққан жасөспірімнің тағдырын өз елі шешеді.
Жаңалықтар
- Қазақстанның батысында 70-ке жуық шетелдік қар құрсауынан құтқарылды
- Түркістанда араб тіліндегі ең көне қолжазба табылды
- Қазақстан көршілеріне беретін мұнай көлемін күрт ұлғайтты
- «Қайрат» футбол клубтарының әлемдік рейтингіне шықты
- Ресейден қашқан жасөспірім: «Путиндік саясатқа қарсымын»
- Желтоқсан оқиғасының куәгерлері Алматыдағы алаңға барып құран бағыштады
- Инфосығандарды «ауыздықтайтын» уақыт келді: коучсымақтар біліктілігін дәлелдесін
- Тәуелсіздік күні Алматыдағы телемұнараның келбеті жаңартылды
- Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қою рәсімі өтті
- Тәуелсіздік күні Астана мен Алматыда қайда баруға болады
- ҚР ІІМ алаяқтықтың ең кең таралған түрлерінен сақтануды ескертті
- Украина мен АҚШ Берлиндегі келіссөздерде бейбітшілік формуласын табуға тырысты
- Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Хромтау әкімі пара алғанын мойындап, 12 млн теңге айыппұлмен құтылды
- Шымкенттік экс-шенеуніктің ісіне қатысты тергеу басталды
- Kcell деректерді қорғау саласындағы сенімділігін растады
- Назым Қызайбай сыйлыққа алған көлігін сатқалы жатыр
- БҚО-да боран кезінде жоғалған ер адамның денесі табылды
- Сәлім Нағым «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
- Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды