Ресейде тараздық екі жігіт диверсия жасап істі болды
Фото: freepik.com
Ресейде 2006 жылы туған екі қазақстандық қоғам мүлкіне диверсия жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресейдің Ленинград облысындағы Ломоносов аудандық соты екі қазақстандықтың қамалғанын мәлімдеді. Олар РФ қылмыстық кодексінің 281-бабы 2-бөлімінің «а» тармағы («Адамдар тобы болып жасаған диверсия») бойынша күдікке ілінді.
Сот мәліметінше, Тараз қаласында туған екі жігіт көрші елдің Санкт-Петербург қаласында тұрып жүрген. Табыс көзі болмай, күн көрісі қиындаған екеуі «кураторлардың» нұсқауымен пайда табамыз деп заң бұзған. Олар 40 мың рубль көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін Ленинград облысының Ломоносов ауданындағы ұялы байланыс операторы базалық станциясындағы қалқанды өртеген.
Күдіктілер ізін суытуға тырысқан. Алайда құқық қорғау органдары оларды ұстап үлгерді.
Аталған қылмыс үшін екі жігіт 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты