Ресей шекарасында құжатсыз ұшақ тиеген Павлодар тұрғыны ұсталды

cover Фото: Павлодар облысының МКД

АН-2Т ұшағы МАЗ-54323 жүк көлігімен Омбы облысымен шекаралас Павлодар облысындағы Амангелді автомобиль өткізу бекетінде ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.       


Павлодар облысы бойынша ТЖД қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлесіп АН-2Т ұшағын құжатсыз тасымалдау фактісін анықтады.

Ұшақтың салмағы 3,6 тонна, сметалық құны 1 миллион 800 мың ресей рублі. Қазақстандық ұшақты жеке пайдалану үшін аукцион арқылы сатып алған.

«Шекараны кесіп өту кезінде ол кісіде азаматтық және әскери мақсатқа жатқызылуы мүмкін нақты тауарды анықтау туралы қорытынды болған жоқ», - деді МКД экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Мақсұт Қаңтарбаев.


Ұшақты рұқсатсыз тасымалдағаны үшін Қазақстан азаматына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.

Павлодар облысының Ертіс аудандық соты ер адамды кінәлі деп тауып, 55 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салды.


 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар