Ресей мен АҚШ Украинаға қатысты талаптарын Трамптың бейбіт жоспары ретінде көрсетуге келісті
Фото: СБ
Юрий Ушаков Bloomberg-тің жазбасына байланысты пікірінде біреу Ресей мен АҚШ арасына от салу үшін олардың бір-біріне жазған хаттарын жариялап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Путиннің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев те Уиткофф пен Ушаков арасындағы тарап жатқан әңгімелер шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.
«Мен Уиткоффпен жиі сөйлесемін, бірақ оның мазмұнына түсініктеме бермеймін. Дмитриевпен сөйлескенім секілді, кез келген адаммен телефон арқылы сөйлесе аламын», – деді Ушаков.
Бұған дейін Bloomberg редакциясы Юрий Ушаков пен Кирилл Дмитриев Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффпен сөйлескенін хабарлаған болатын. Жасырын әңгімеде олардың РФ ұсынбақ болған бейбітшілік жоспарының нұсқасын әзірлеуді талқылағаны айтылған.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп – бұл жағдайдың қалыпты екенін айтты.
«Бұл – қалыпты нәрсе, түсінесіз бе? Себебі ол Украинаны Ресейге “сату” керек деген ой емес, Украинаны көндіру мәселесі. Келіссөз жүргізуші осылай жұмыс істейді», – деді Трамп.
Еске сала кетейік, АҚШ пен Ресей билігі Украинадағы соғысты тоқтату үшін жасырын түрде ауқымды жоспар құрып жатыр.
Жаңалықтар
- Трамп Иран билігі соғысты тоқтатуды өтінгенін мәлімдеді
- Қате диагноз қойылған ба? Шымкентте қайтыс болған әйелдің туыстары жанайқайын айтты
- Астанада бұрынғы әйелінің қыр соңынан қалмаған сталкер жазаланды
- Алматыдағы Республика алаңы не үшін қоршалғаны белгілі болды
- Тоқаев Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға айрықша мән береді
- Бақытжан Базарбек: Үкімет тарифті өсірсе — халықтың қалтасы көтермейді
- Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
- Дұшпандар құрлықтағы соғыста қып-қызыл шығынға ұшырайды — Иран СІМ
- Ұлттық банк төрағасы долларға қарағанда теңгеге көп сенім артатынын айтты
- «Мошенники» сериалының жұлдызы алаяқтықтың жаңа түрін айтып ескертті
- Ермұрат Бәпи: Өз әйелін хайуан ұқсатып, сыйға беру — қылмыс
- «Маған жала жабылды»: Актер Асқар Жұмабек мәлімдеме жасады
- Полиция растады: «Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық емдеу мекемесінде жатыр»
- Алматыда АИТВ жұқтырған ер адам 13 жастағы қызды зорлағаны үшін өмір бойына сотталды
- Әділетхан Молдахан 10 күнге қамалды
- Мейіржан Байғонысов президент әкімшілігінің инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі болды
- Теріс діни топ өкілдерінің жеке балабақша ашуына тосқауыл қою керек — Абзал Құспан
- Мемлекеттік құпияларды қорғау талаптары күшейтілді
- Жемқорлыққа қатысы бар: Қамшыбек Тәшиевтің інісі ұсталды
- Қазақстанда 2025 жылы 1000-нан астам жол апаты тіркелген