Ресей бензин экспортын тоқтатты

cover

Ресей үкіметі 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бензин экспортына тыйым салуды мақұлдады.

Алты ай бойы күшінде болатын шектеу ЕАЭО елдерін, оның ішінде Қазақстанды да айналып өтеді.

Сондай-ақ, бұл тыйым Моңғолия, Өзбекстан және өзін-өзі жариялаған Абхазия мен Оңтүстік Осетияға әсер етпейді. Бұл елдерге бұрын келісілген көлемдер бойынша бензин жеткізу жалғасады.
Ресейден бензин экспорттауға тыйым салу 2023 жылдың 21 қыркүйегінен 2024 жылдың 7 ақпанына дейін күшінде болды. Қазіргі жағдайдағыдай ол Қазақстанға қолданылмаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар