Ресей әуе апатына кінәлілерді тауып жауапқа тартпақшы
Фото: 112
Әзірбайжан бас прокуратурасының мәліметінше, Ресей Ақтау маңында болған әуе апатына кінәлілерді тауып, оларды жауапқа тартуға уәде берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әзірбайжан бас прокуроры Камран Әлиев оқиға болған күннен бастап, әуе апатына қатысты елдердің прокурорлары және тергеу комитетімен тығыз байланыста болған.
Оқиғаны жан-жақты, толық тергеу үшін Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Бразилия елдерінің кәсіби тергеушілері мен сарапшылары қатысып, ауқымды әрекеттер жүргізді.
«Камран Әлиев қазақстандық әріптесі Берік Асыловпен әңгімелесу барысында жиналған айғақтарға дұрыс құқықтық баға беру, қылмыс болған жерді қарау, алғашқы айғақтарды жинау және басқа да маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты. Бірлескен тергеу және процессуалдық әрекеттерді жүргізуге, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді», деп мәлімдеді Әзірбайжан бас прокуратурасы.
Сондай-ақ Әзірбайжан бас прокуратурасы Ресей бас прокуроры Игорь Красновпен де келіссөз жүргізіп, екі тарап жинаған дәлелдемелермен алмасты.
Жаңалықтар
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр