Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды

cover Фото: Orda.kz

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан референдумға азаматтардың қатысуы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды  Оrda.kz.      

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 4 677 595 адам бюллетень алған. Бұл дауыс беруге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 37,54%-ын құрайды.

Облыстардың сағат 12:00 жағдай бойынша көрсеткіштері:

  •  Абай облысы – 41,93%
  • Ақмола облысы – 44,66%
  • Ақтөбе облысы – 45,73%
  • Алматы облысы – 40,41%
  • Атырау облысы – 42,29%
  • Батыс Қазақстан облысы – 36,59%
  • Жамбыл облысы – 35,66%
  • Жетісу облысы – 43,32%
  • Қарағанды облысы – 42,95%
  • Қостанай облысы – 37,10%
  • Қызылорда облысы – 43,18%
  •  Маңғыстау облысы – 34,57%
  • Павлодар облысы – 36,57%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 41,64%
  • Түркістан облысы – 44,13%
  • Ұлытау облысы – 36,59%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 42,88%

Қалалар:

  •  Астана қаласы – 31,23%
  • Алматы қаласы – 14,65%
  • Шымкент қаласы – 42,59%

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар