Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?

cover Фото: Orda.kz

Референдум әлі де жалғасып жатыр, Orda.kz тілшісі Қаныш Сәтбаев университетінің маңында орналасқан №257-учаскеге барып, дауыс беріп жатқан студенттерден пікір алды. Учаске алдында қазақы әуен естіледі, студенттердің саны әлдеқайда сейілген. 

Дауыс беру кезінде комиссия мүшелері мен студенттер арасында ешқандай мәселе туындап жатқан жоқ, барлығы бір-бірімен сыпайы қарым-қатынаста. Orda тілшісі студенттермен конституция жайында сұхбаттасты. Өз сөзінде Сәтбаев университетінің студенті Конституция жайында ешқандай пікір айта алмайтынын, пікір айтатындай саясаттан алыс екенін бірден мойындады. Ал тағы бір студенттер қызық үшін референдумға келгендерін жеткізді.

«Бізге ешкім Конституция туралы толық ақпарат бермеді. Әлеуметтік желіден оқып хабардар болып отырдым. Қазір 18-ге енді толғандықтан, бұл менің өмірімдегі бірінші дауыс беруім. Шынын айтқанда, қызық көріп дауыс беруге келдім», – деді Сәтбаев студенті.

Сондай-ақ, студент университет тарапынан ешқандай қысым болмағанын айтты. Олардың айтуынша, жай ғана референдумға барып дауыс беруді ұсынған.

«Жай ғана барып дауыс беріп келіңдер деді, алайда оқытушылар тарапынан ешқандай қысым болмады. Жаңа ғана айта кеткендей, бізге қызық болды. Қалай болады, жұрт шулап жүрген референдум қалай өтеді деген оймен келдік», – деді Қаныш Сәтбаев университетінің студенті.

Сондай-ақ, қоғамда даулы болып жатқан қазақ тілі мен орыс тілінің тең болуы туралы да студенттер пікір білдірді. Олардың айтуынша, қазақ тілі бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда дамыған. 

«Менің ойымша, қазақ тілі қазір дамып келе жатыр. Конституциядағы тең мен қатардан оның дәрежесі түсіп, не артып кетпейді», – деді студенттердің бірі. 

Ал учаске жетекшісінің мәліметінше, №257-учаскеде 1530 адам тіркелген, қазіргі уақытқа дейін оның шамамен 200-і дауыс берді. Ал қазір комиссия мүшесінде 7 адам қызмет етіп жатыр.

Оқи отырыңыз:




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар