Рамзан Қадыров Құранды еске алған Навальныйды сынады

cover Кавказский узел

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров саясаткер Алексей Навальныйдың Құранды еске түсіруге моральдық құқығы жоқ деп мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қадыров оппозиционерді қасиетті кітапты саяси мақсаттарға жету үшін пайдаланғысы келеді деп айыптады.

13 сәуірде Владимир облысындағы ИК-2-де жүрген Алексей Навальный колония басшылығы оған Құран мен өзіне тиесілі басқа кітаптарды бермегенін айтты. Қадыров мырза түрме қызметкерлеріне Алексей Навальныйға «діни араздық тудыруға» жол бермеу туралы өтінішпен жүгінді.

– Навальныйға қасиетті Құранды еске алуға моральдық құқықты кім берді? - деп жазды Қадыров өзінің Telegram арнасында.

Оның айтуынша, тұтқын «шын жүректен тәубе етіп, ақиқат жолына түскісі келсе, исламды қабылдаса және бүкіл жүрегімен Алла Тағаланың сөзін тыңдағысы келсе ғана Құранды беруге болады».

Рамзан Қадыров Алексей Навальныйды исламофоб деп атап, «Қасиетті Жазбаларды өзінің саяси мақсаттары үшін пайдалануға тырысып жатқанын және Еуропада өмір сүруді бұрыннан үйреніп алғандықтан, арандатушылық үшін дәйексөздерді қолданатындығын» айтты. Қадыров мырза саясаткерді мұсылмандардың ықыласына бөленуге тырысқаны және «арзан жолмен абырой жинағысы келгені» үшін айыптады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар