Рақымшылыққа іліккен Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
Фото: FB/ Жомарт Ертаев
53 жастағы банкир, 2020 жылы RBK Bank-тен 144 млрд теңге ұрлады деп сотталып, жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп келген Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілікті, деп хабарлайды Orda.kz.
Kozachkov offside telegram-арнасының мәліметінше, Ертаев кінәсін мойындап, тергеуге көмектескен әрі шығынды өтеуге қатысқан.
Ол 2 қыркүйекте жалпы режимдегі колониядан босатылған, бірақ бұл туралы ақпарат тек қазір белгілі болды.
Бастапқыда Ертаев 11 жылға сотталған еді. Кейін ол QazaqBank-тен (46 млрд теңге) және «Еуразиялық банктен» (24 млрд теңге) ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін қайта сотталды, бірақ бұл жалпы мерзімге әсер етпеді.
Ертаевқа тергеу изоляторында өткізген әр күні бір жарым күн ретінде есептелді. Ол Қазақстанға экстрадицияланғаннан кейін және апелляция мерзімінде уақытша изоляторда ұзақ отырған. Үкім бойынша оның жазасын өтеу мерзіміне бір жылдан аз қалғандықтан, сот оған рақымшылық қолданды.
«Ордаға» бұл ақпаратты ҚАЖК растады.
«Сот үкіміне сәйкес, сотталған тұлға қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан еді. Оған амнистия туралы акт қолданылғандықтан, ол босатылды».
Жаңалықтар
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр