Рахат аяғын үстелге қойды: Танымал актер Назарбаевтың жаңа жыл кешіндегі Әлиевтің ерсі қылығын айтты

cover Фото: Instagram / Нұрәлі Әлиев

Актер Рахман Омаров 2004 жылы Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің жаңа жыл кешіндегі Рахат Әлиевтің қылығын сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Белгілі актер, тележүргізуші Рахман Омар Дулат Тәстекейге берген сұхбатында Назарбаевтың жаңа жыл кешінде болған оқиғаны айтып берді. Оның айтуынша сол кезде Назарбаевқа қарағанда, депутаттар Рахат Әлиевтен қорқатын.

«Рахат сол кезде ҰҚК-ні басқаратын. Сол кездегілердің айтуынша, қылышынан қан тамып тұрған кезі еді. Министр, депутаттардың көбі Назарбаевтан емес, Рахат Әлиевтен қорқатын. Сол кезде Назарбаев тілек айтып жатқан тұста Әлиев қосамжарласып отырды, президенттің сөзіне орынсыз ескерту жасап отырған көрген кезде “қалайша?” деп таңғалдым. Бір кезде Рахат Әлиев аяғын үстелге қойды, бұл Назарбаевқа ұнамады», – дейді Рахман Омаров.

Еске сала кетейік, жақында Әлия Назарбаева танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның туған күнін атап өтуге шақырылған құрметті қонақтардың қатарында болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар