Қолма-қол ақшасыз юань айналымы: доллардың көлеңкесі...
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытай Халық банкі Қазақстан-Қытай қаржы ынтымақтастығы кіші комитетінің ұлттық валюталарды өзара есеп айырысуда пайдалану бойынша шешімдерін іске асыру шеңберінде өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Оған ҚР Ұлттық банкінің сайтында «Қазақстанда юаньмен өзара есеп айырысуларды дамыту мүмкіндігі» деген атау берілген.
Orda.kz сарапшысы Артур Шахназарян бұның Қазақстан үшін пайдасы турлы ой толғайды.
Бұл біздің экономика мен қаржы нарығы үшін нені білдіреді?
Негізінде Қазақстан үшін аса бір жаңалық жоқ. Екі елдің қаржы институттары арасында клиринг, яғни қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша осындай операциялар 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ қолма-қол ақшасыз юань бойынша қазіргі мәміленің өзіндік ерекшеліктері бар. Жаңалық аз, бірақ оны да асыра бағалауға болмайды. Әдетте Қазақстан ақша сұраушы рөлінде болатын, бірақ Қытайдың өзіне бірінші рет бір нәрсе керек болды. Тек ақша сұраушы ретінде емес. Әңгіме есептесу әдісі туралы. Олар үшін қазақстандық нарықтағы транзакцияларды осылай төлеу ыңғайлырақ. Қытайда инфляция жоғары және Қытайдан АҚШ экономикасына құйылуына байланысты доллар тапшылығы байқалады.
Бұл Қытай экономикасындағы өте күрделі проблемалардың белгісі және әдетте өте өткір ақша дағдарысы кезінде ғана осындай есептеулерге жүгінеді. Дегенмен Қытай шын мәнінде әлемдегі бірінші экономика, әлемдік зауыттар мен фабрикалардың ордасы. Иә, Қазақстан экономикасындағы юаньның үлесі еріксіз өседі. Ал біз үшін өзара есеп айырысуды доллармен болмаса да ең болмағанда юань-теңге жұбы бойынша екі валютада жүргізгеніміз дұрыс болар еді. Бұл қазіргі жағдайда тиімдірек екені сөзсіз. Бірақ келісімге келуге болады, өйткені қосалқы түрде Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар экономиканың базалық секторлары бойынша қарқынды келіссөздер жүргізілуде. КСРО ыдырағаннан бері жаңартылмаған Қазақстанның инфрақұрылымының тозығы жеткен. Еліміздің батысындағы Атырау облысында жарықтың жиі сөнуі және ҚТЖ-ның үмітсіз қарызы елдегі инфрақұрылым мен кадрлық күйреудің алғашқы белгілері ғана.
100 500 рет пайдаланылған және жөнделген ресурсты жұмыс істету енді мүмкін емес. Бітті! Жеткен жеріміз осы! Бұдан әрі жол жоқ. Сіз жұқанасы ғана қалған механизмді « қайта оталдыра алмайсыз». Ол онсыз да мерзімінен көп қызмет етті. Енді қалған тозығы жеткен жүйенің құлауын кұтіп отырмыз ба? Жоқ, бәрін жаңарту қажет. Ескі темір жолдарды жаңарту, жаңа энергия желілерін салу, елді мекендерді қамтамасыз ету және су тазарту жүйелерін, газдандыру, жолдарды ...
Алайда, елден шығарылған қаражаттың тез қайтарылатынына аса бір үміт жоқ, қыруар қаржы керек. Кез келген идея жақсы егер оған қаражат табылса. Ал бұл жерде Қытай Қазақстанның инфрақұрылымдық мәселелерін шешуде басты көмекші бола алады. Негізінде ол мұндай дайындығын білдіріп те қойған. Қытай соңғы 15 жылда бұл салаларда фантастикалық серпілістер көрсетіп, таңғажайып жобаларды жүзеге асырды. Дүние жүзіндегі ең биік таулы қыратта орналасқан Тибет астанасы Лхасаға дейінгі темір жолдың құнын айтпай-ақ қояйық. Немесе Тарим шөлі арқылы өтетін 446 шақырымдық жол, сондай-ақ шөлді айналып өтетін темір жол және басқа да Қазақстанға ұқсас табиғи жағдайда жүзеге асырылатын және оларды бейімдеуге болатын ірі жобалар бар, сондықтан Қытайдың тәжірибесі аса қажет.
Рас, проблемалардың барлығын шеше саламыз деуге болмайды. Қытайдағы қазіргі қаржылық жағдай өте күрделі. Бірақ бұл біз үшін қалай болғанда да жақсырақ, өйткені бір ірі ойыншыға қатты тәуелді бола қоймайсыз. Сіз басқа ойыншыларды да тексеріп, теңестіруіңіз керек. Әзірге түсініктісі Ақорда «оркестрдегі» бірінші скрипканы соларға беретіндігі.
Сондай-ақ, Қытайды да түсінуге болады, өйткені олар доллармен төлем жасауда қиындықтарға тап болған. Бәрібір, олар қолма-қол ақшасыз юаньмен де төлейді. Айта кетерлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкінің қол қойылған меморандумы бойынша болған мәміле жарияланбады. Мүмкін ол жоқ та шығар.
Бірақ оның Қазақстан үшін соншалықты маңызды болуы екіталай, одан үлкен «проблема» көріп тұрған жоқпыз. Қаржы-экономикалық қатынастар екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастардың айнасы екені белгілі. Дегенмен Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жаңа көкжиегі пайда болғанға ұқсайды.
Авторы: Артур Шахназарян, аударған Ләззат Нұрсапақызы
Жаңалықтар
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті