Qaznews24 парақшасының авторы Темірлан Еңсебек 5 жылға сотталды
Фото: Oyan Qazaqstan
QazNews24 атты сатира парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке сот үкім шығарды. Сот оны 5 жылға бостандығынан шектеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
- Бес жыл бас бостандығын шектеу;
- Айғақтар (телефон мен ноутбук) мемлекет пайдасына тәркіленеді;
- 20 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды.
Сондай-ақ, оған журналистік, құқық қорғаумен және саяси қызметпен айналысуға, волонтерлікпен және қайырымдылықпен айналысуға да бейбіт жиындарға қатысуға тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Адвокаттың апелляцияға арыз беруіне 15 күн бар.
Бүгін, 11 сәуір күні Наурызбай аудандық сотында Темірлан Еңсебектің ісі қаралды. Сот процесі небәрі үш күнге созылып, қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бүгін прокурор Темірлан Еңбесекті 5 жыл бостандығын шектеу айыруды сұраған еді.
Судья Бейнегүл Кайсина Темірлан Еңсебекті ҚК 174 (Ұлтаралық араздықты қоздыру) бабына сәйкес кінәлі деп танып, 5 жыл бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Еске сала кетейік, 17 қаңтар Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке ұлтаралық араздық қоздырды деген айып тағылған болатын.
Сатира паблигінің авторы ұсталғанын желі қолданушылары да, белсенді азаматтар да қызу талқылады. Тіпті наразы болған белсенділер Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының алдына плакат ұстап шықты.
19 қаңтар күні журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов жалғыз өзі пикетке шыққан еді. Оны полиция ұстап, 15 күнге қамады. 20 қаңтар күні шыққан журналист Әсем Жәпішеваны да полиция ұстады. Ал 21 қаңтар күні «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының мүшесі Ақмарал Жәкібаева да пикетке шықты. Оны да полиция ұстап әкетті. Дәл сол күні Темірлан Еңсебекке қолдау білдірген Сергей Зинченконы да полиция ұстап әкетті.
Кеше өткен сотта да Темірлан Еңсебекті қолдап келген Айгүл Нұрболатова, Дархан Шәріпов, Ақторғын Ақкенжебаласы және Қонысбай Ырыскелдіні полиция ұстап, бөлімшеге жеткізді.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?